Қаз 22, 2016 19:38 Asia/Almaty
  • Исламдық ояну әлемдік ассамблеясы бас хатшысының Бағдад отырысында сөйлеген сөзі

Исламдық ояну әлемдік ассамблеясының бас хатшысы исламдық ояну ағымының мықты қолдаушысы болып табылатын аймақтағы исламдық қарсыласу өзегінің соңғы жылдары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін мәлімдеді.

Али Акбар Велаяти сенбі күні Бағдадта өткен Исламдық ояну әлемдік ассамблеясының Жоғарғы кеңесінің тоғызыншы отырысында: «Бұл отырыс Азияның батыс аймағы ерекше әрі маңызды жағдайды бастан өткеріп жатқан жағдайда өткізіліп жатыр. Бір жақтан ішкі және сыртқы қарсыластардың бүлік тудырушылықтары мен  арандатушылықтар, басқа жақтан Сириядағы тәкфірлік топтардың соғысты өршітуіне қарамастан осы елдің армиясы мен халықтық күштері ішкі, аймақтық және халықаралық дұшпандарға қарсы төтеп беріп тұр.

Ирак та көбінесе батыс елдерінің қастандықтарының салдарынан пайда болған әртүрлі дағдарыстардан өтіп, өткен күндері Мосулды азат ету амалдарын бастады. Еш күмәнсіз, бұл амалдар мен Ирак армиясы және халықтық күштерінің ДАИШ тобымен үлкен шайқасы әлемнің жаңа заман тарихындағы ең қатігез әрі ең кертартпа лаңкестік тобының, яғни ДАИШ тобы белсенділігінің тоқтауының бастамасы бола алады. Йеменнің мазлұм әрі күнәсіз халқы саудиялықтардың соғысы мен қырғи ұшақтарының үздіксіз бомбалауының салдарынан әлі жантәсілім етіп жатыр. Бұл халықаралық ұйымдар мен адам құқығы туралы жалған уәж айтушылар осы тақырыпқа қатысты үнсіздік танытып, толықтай әрекетсіздік көрсетіп отырған жағдайда жалғасып отыр.

Палестина халқы да бұрынғысынша басқыншылық пен сионистік қылмыстармен қарсыласып жатыр. Палестиналықтардың бүгінгі ауыртпалықтары алпыс жылдан астам уақыт ішінде осы мазлұм және бейнеті ауыр халыққа таңылған қиянаттар мен қылмыстардың салдарлары» деді. 

 

Тегтер