Түркияның сәтсіз төңкерісіне қатысты деген күдікпен 35 000 адам құрықталды
(last modified Sun, 23 Oct 2016 13:16:50 GMT )
Қаз 23, 2016 19:16 Asia/Almaty
  • Түркияның сәтсіз төңкерісіне қатысты деген күдікпен 35 000 адам құрықталды

Түркияның Әділет Министрі Бекир Буздағ осы елдегі сәтсіз төңкеріске қатысты деген 35000 күдіктінің құрықталғанын хабарлап:

«Бұл күдіктілер Анкараның сенімі бойынша, биылғы жылдың шілде айының 15 күнгі сәтсіз төңкеріске қатысты болған «Һизмет» қозғалысының жетекшісі Фетхулла Гүленнің жақтастары болып табылады. Түркияның сәтсіз төңкерісіне қатысты деген басқа 3907 күдікті әлі тергеліп жатыр. Шамамен 26000 адам бостандыққа шығарылып, бақылауға алынған» деді.    

 

Тегтер