Қаз 31, 2016 15:16 Asia/Almaty
  • Мосулды азат ету амалдары басталғаннан бері ДАИШ-тың 900-ден астам мүшесінің көзі жойылды

Ирактың Қорғаныс министрлігі Мосулды азат ету амалдары басталғаннан бері ДАИШ-тың кемінде 910 мүшесінің жойылғанын хабарлады.

Mehr ақпарат агенттігінің «әл-Аһд» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ирактың Қорғаныс министрлігі жексенбі күнгі бір мәлімдемесіндемДАИШ лаңкестік-тәкфирлік тобының жүздеген мүшесінің Ирактың Мосул қаласын азат ету амалдары барысында өлтірілгенін хабарлады.

Осы хабар бойынша, Мосулды азат ету амалдары басталғаннан бері ДАИШ-тың кемінде 910 мүшесі ирактық күштермен қақтығыста өлтірілген. Олардың 480 мүшесі Сирия азаматтары болған.

Осы мәлімдеменің жалғасында Мосулды азат ету амалдарына қатысып жатқан күштердің өткен екі аптаның ішінде 40-тан астам бомбаны залалсыздандырып, ДАИШ-тың 115 автокөлігін, 170 базасы мен 18 зымыранға қарсы танкісін қиратқаны айтылды.  

Осыдан бұрын Ирак қайраткерлері ДАИШ лаңкестерінің Сирия мен Ирак арасында тасымалдану ықтималдығын ескерткен болатын.

 

Тегтер