Сирияда ресейлік тікұшақ нысанаға алынды
Ресейдің Қорғаныс министрлігі Сирияда қарсыластар тарапынан осы елдің бір әскери тікұшағының нысанаға алынғанын растады.
Ресейдің Қорғаныс министрлігі осы елдің бір әскери тікұшағының Сирияда атыс нысанасына алынғанын, соның салдарынан зардап шеккен тікұшақтың қонуға мәжбүр болғанын, қуанышқа орай тікұшақ экипаждарының зардап шекпегенін мәлімдеді.
«Россия сегодня» агенттіні Ресейдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап: «Әскери тікұшақ Хомс облысындағы Тадмор қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырымдық жердегі бір аймаққа гуманитарлық көмектерді тасу миссиясын атқарып жатқанда нысанаға алынды» деп жазды. Сондай-ақ осы хабар бойынша, тікұшақ экипажы тіұшақтың оқ тиген жерін қарап жатқан кезде қарсыластардың минометпен жасаған шабуылына ұшыраған. Бірақ ол оқиғада ешкім зардап шеккен жоқ.