Джаһангири: Иран Түркияны қауіп-қатер жағдайында жалғыз қалдырмайды
(last modified Sun, 06 Nov 2016 09:28:40 GMT )
Қар 06, 2016 15:28 Asia/Almaty
  • Джаһангири: Иран Түркияны қауіп-қатер жағдайында жалғыз қалдырмайды

ИИР президентінің бірінші орынбасары Иранның Түркияны аймақтық және халықаралық қауіп-қатер жағдайында қолдайтынын мәлімдеді.

ИРНА-ның хабарлауынша, ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири сенбі күні Теһранда Түркияның Экономика министрі Нихат Зейбекчимен кездесуінде екі елдің кейбір аймақтық мәселелерге қатысты келіспеушіліктеріне тоқталып: "Бұл келіспеушіліктер еш уақытта Иранның Түркияны аймақтық қауіп-қатерлер мен тұрақсыздық тудыратын факторлар жағдайында жалғыз қалдыруына себеп болмайды" деді.

Иран президентінің бірінші орынбасары Түркияда шілде айында орын алған сәтсіз төңкерісті осы ел мен аймақ үшін қауіп-қатер деп атап: "Егер Иран мен Түркия алпауыттардың аймақта тудырған қауіп-қатерлері туралы түсіністікке келсе, дұшпандардың жоспарларының жүзеге асырылуына тосқауыл қоя алады"  деді.

Түркияның Экономика министрі де осы кездесуде Теһран мен Анкара арасында жасалған пұрсатты сауда келісімін  тарихи келісімшарт деп атап, лсы келісімнің жүзеге асырыла бастауынан шамамен екі жыл өткеннен кейін екі ел арасындағы экспорт пен импорт мөлшерінің артқанын мәлімдеді.

 

Тегтер