Қар 08, 2016 15:04 Asia/Almaty
  • Велаяти: Дұшпандардың аймақтағы бос қиялдары іске аспайды

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеу орталығының басшысы дұшпанның Таяу Шығыста сионистер үшін қауіпсіз аймақ орнату туралы бос қиялдарының іске аспайтынын мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының  стратегиялық зерттеу орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти дүйсенбі күні Теһранда Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Фейсал Меқдадпен кездесуінде: «Иран Сирия үкіметі мен халқына отаршылдық пен сионизм майданы және аймақтағы олардың көрінісі – АҚШ, Израиль режимі және Сауд Арабиясына қарсы соғысы үшін алғысын білдіреді»,- деді.

Әлиакбар Велаяти үстемшілдердің майданының Таяу Шығыстағы, әсіресе Ирак пен Сириядағы ортақ қастандықтарына тоқталып: «Сирия аймақтағы қарсыласудың алғы шебінде орналасқандықтан бұл елге қолдау көрсету аймақтағы барлық елдердің міндеті»,- деп қуаттады.

Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Фейсал Меқдад та бұл кездесуде: «Израиль, АҚШ, Сауд Арабиясы, Түркия мен Қатардың аймақтағы соғысының мақсаты – қарсыласу қозғалысын жеңістен мақұрым ету. Сирия ИИР сынды дос елдің қолдауымен лаңкестерге қарсы соғысын жалғастырады»,- деді.  

 

 

Тегтер