Түркияда бір Қырғызстан азаматы Гүленмен әріптестік жасады деген айыппен құрықталды
(last modified Thu, 24 Nov 2016 09:17:38 GMT )
Қар 24, 2016 15:17 Asia/Almaty
  • Түркияда бір Қырғызстан азаматы Гүленмен әріптестік жасады деген айыппен құрықталды

Түркия басшылары Стамбұлда Фетхулла Гүленнің адамдарына 9 миллион доллар көлемінде қаржы жөнелту әрекетіне қатысы бар деген айыппен бір Қырғызстан азаматын құрықтағандарын мәлімдеді.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркия басшылары осы Қырғызстан азаматын Стамбұлда Фетхулла Гүленнің адамдарына 9 миллион доллар көлемінде қаржы жөнелту әрекетіне қатысы болғандықтан құрықтағандарын хабарлады.

Түркияның қауіпсіздік күштері кеше Стамбұл қаласының әуежайында осы соманы жасырын түрде Гүлен ұйымының мүшелерінің отбасына бермек болған бірнеше шетелдік азаматтан құралған топты құрықтады.

Түркияның Жемқорлықпен күрес үкіметтік ұйымының мәлімдеуінше, бұл соманы Түркияға жөнелткен адамдар төңкеріс ұйымдастыру айыбымен құрықталған немесе қызметтерінен босатылған адамдардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетіп, бұл соманың бір бөлігін Гүленді жақтайтын экономикалық белсенділерге қолдау көрсету үшін бермек болған.

 

Тегтер