Қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтар – Өзбекстан мен Қазақстан басшылары келіссөзінің өзегі
Қазақстан Қорғаныс министрі Өзбекстан қарулы күштерінің штаб басшысымен кездесуде қорғаныс пен қауіпсіздік салаларында және экстремистік, лаңкестік топтардың жаңа белсенділіктеріне қарсы жедел әрекет ету саласында екі жақты байланыстарды арттыру қажеттігін қуаттады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов сәрсенбі күні кешке Өзбекстан Қарулы күштерінің штаб басшысы Фархат Ширметовпен кездесті.
Осы кездесу барысында тараптар күн тақырыбындағы маңызды мәселелер мен екі ел арасындағы әскери және әскери- техникалық байланыстың келешегін талқыға салып, ой бөлісті.
Осы кездесуде сондай-ақ қорғаныс пен қауіпсіздік салаларында және экстремистік, лаңкестік топтардың жаңа белсенділіктеріне қарсы жедел әрекет ету саласында екі жақты байланыстарды арттыру қажеттігі қуатталды.
Қазақстанның Қорғаныс министрі осы кездесуде арнайы күштер арасында «Алтын үкі» атты халықаралық әскери жарыстар мен «АрМИ-2017» деген атаумен осы елде өтуі тиіс әскери халықаралық ойындарға сілтеме жасап, екі ел арасындағы әскери байланысты көбірек күшейту мақсатында өзбекстандық тарапты осы жарыстарға қатысуға шақырды.