Түркия босқындарға Еуропаға қарайтын дарбазаларын ашып қояды
Түркия президенті Еуропа парламентінің Анкараға қарсы қарарына реакция ретінде Еуропа басшыларына егер артық кеткен жағдайда өзінің Еуропамен шекараларын босқындар үшін ашатынын айтып, қоқан-лоққы жасады.
"Меһр" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Стамбұлда «Әйелдер және әділет» тақырыбымен өткен жиналыста Еуропаға Түркияға қатысты ұстанымдарында шектен шығатын болса, Түркияда қоныстанған барлық босқындардың Еуропаға кетуі үшін өзінің Еуропамен шекараларындағы дарбазаларын ашатынын айтып, қоқан-лоққы жасады. Ердоған Еуропа басшыларына қаратып, өзінің де, Түркия халқының да негізсіз қоқан-лоққылардан қорықпайтынын айтты.
Еуропа парламенті бейсенбі күні бір қарар бекітіп, Түркияның Еуропа одағына қосылуы туралы келіссөздердің тоқтатылуын талап етті.