Сирияның Телл-эл-Абияд мекені ИСИМ тобынан тазартылды
(last modified Tue, 01 Mar 2016 14:44:57 GMT )
Нау 01, 2016 20:44 Asia/Almaty
  • Сирияның Телл-эл-Абияд мекені ИСИМ тобынан тазартылды

Сирияның Телл-эл-Абияд мекені ИСИМ лаңкестік тобының басқыншылығынан толығымен азат етілді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирияның халықтық күштері сейсенбі күні Сирияның солтүстік- шығысындағы Ракка облысына қарасты Телл-эл-Абияд қаласы мен оның төңірегіндегі ауылдарды тазартып, осы облыстың кейбір аймақтарының бақылауын қолға алды. Сондай- ақ ИСИМ лаңкестік тобының Телл-эл-Абияд аймағына жасаған сәтсіз шабуылы барысында осы лаңкестік топтың 120 мүшесінің көзі жойылды.

ИСИМ лаңкестік тобы 2015 жылғы маусым айында Телл-эл-Абияд қаласын басып алған еді.

Сирияда 10 күндік атыс тоқтату басталған 27-ші ақпаннан бері осы елдің көптеген аймақтарында тыныштық пен тұрақтылық орнаған.

Атысты тоқтату ИСИМ және ән-Носрат майданы тәрізді лаңкестік топтарды қамтымайды. Осы лаңкестік топтардың шабуылдары Сирияның түрлі аймақтарында жалғасуда.

Тегтер