Ыстамбұлдағы жарылыстардан кейін Ердоғанның Қазақстан сапары кейінге қалдырылды
Түркия президенті Ыстамбұлдағы лаңкестік жарылыстардан кейін Қазақстанға сапармен бармайтын болды.
Түркияда шығатын "Milliyet" газетінің ақпарат торабының мәлімдеуі бойынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жексенбі күні Қазақстанға екі күндік сапармен баруды жоспарлаған болатын.
Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым: «Осы елдің Күрдістан жұмысшылары партиясының (ПКК) Ыстамбұлдағы жарылыстарда рөлі бар екенін көрсететін айғақ- деректер бар» деді.
Түркия премьер-министрінің орынбасары Нуман Куртулмуш көңіл айтқан жеделхат жіберіп, Ыстамбұлдағы лаңкестік жарылыстарды айыптаған елдердің лаңкестікпен күресте Түркиямен бірлігін көрсетуі керектігін сұрады.
Түркия Ішкі істер министрі болса осы уақытқа дейін Ыстамбұлдағы лаңкестік жарылыстарға қатысты 13 адамның ұсталғанын хабарлады.
Сенбі күні кешке Ыстамбұлда орын алған лаңкестік жарылыстардан 38 адам қаза болды. Солардың 30-ы полиция офицерлері болды. Мұнымен қатар 166 адам жараланды.