Иран Түркияның Ыстамбұл қаласындағы лаңкестік жарылыстарды айыптады
(last modified Sun, 11 Dec 2016 16:26:01 GMT )
Жел 11, 2016 22:26 Asia/Almaty
  • Иран Түркияның Ыстамбұл қаласындағы лаңкестік жарылыстарды айыптады

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Түркияның көптеген азаматының өлімі мен жаралануына себеп болған Ыстамбұлдағы лаңкестік жарылыстарды айыптады.

Иран СІМ- нің ақпараттық дипломатия бас басқармасының мәлімдеуі бойынша Бахрам Ғасеми Түркия халқы мен үкіметінің және Ыстамбұлдағы лаңкестік жарылыста құрбан болғандардың отбасыларының қайғысына ортақтастық білдіріп: «Лаңкестер мен әсірешілдердің қатыгез әрекеттерге бару арқылы үрей- қорқыныш тудыру болып табылатын талабы мен бірегей тіліне қарсы аймақ пен әлем елдері тарапынан қатыгез лаңкестерге бірдей кесімді жауап берілуі керек.

Бүгінде лаңкестік барлық елдерге қарсы қоқан-лоққыға айналған. Онымен күресу үшін әлемдік талап пен бірліктен өзге шешім жолы жоқ.

Иран ислам республикасы әрдайым барлық елдердің ынтымақтастығымен лаңкестік пен әсірешілдікке жан- жақты тосқауыл қою үшін тиісті шара қолдануға әзір» деді.

 

 

Тегтер