Алеппо лаңкестердің бақылауынан шықты
Сирия армиясы дүйсенбі күні кешкісін ресми түрде лаңкестік топтардың бұл елдің солтүстігіндегі ең маңызды базасына айналған Алеппо қаласының толық босатылғаны туралы хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің «Спутник» арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Сирия армиясы лаңкестік топтардың Алеппоның шығысындағы өзінің соңғы базасынан шығарылуымен бұл қала бес жылдан кейін лаңкестердің басып алынуынан толық босатылғанын жариялады.
Осы мәлімет бойынша дүйсенбі күні түске дейін Алеппоның шығысында тек үш қана аймақ лаңкестердің қолында болды. Енді лаңкестік топтар бұл аймақтардан қуылып, Алеппо толығымен Сирия армиясының бақылауына түсті. Кейбір мәліметтер Алеппода қақтығыстардың орын алып жатқанын көрсетеді.
Қазір Алеппо босатылған соң бұл қаланың тұрғындары жеңіске жеткендерін көшеге шығып тойлап, бір-бірін үлкен жеңіспен құттықтады. Лаңкестік топтар Алеппода жеңілген соң бір-бірін сатқындық жасаумен айыптады.