Алеппоны босату - Сирияның лаңкестерге қарсы соғысының маңызды табысы
Сирия армиясы лаңкестік топтардың елдің солтүстігіндегі ең маңызды базасына айналған Алеппо қаласының толық босатылғанын ресми түрде растады.
Сирия армиясы лаңкестік топтардың Алеппоның шығысындағы өзінің соңғы базасынан шығарылуымен бұл қаланы лаңкестер басып алғаннан бес жылдан кейін толық босатылғанын хабарлады. Кейбір мәліметтер Алеппода әлі де болса қақтығыстардың орын алып жатқаны туралы хабарлады. Бірақ Сириядағы хабардар көздердің бірі алдағы сағаттарда Алеппоның лаңкестерден толық босатылып, қауіпсіз аймақ деп жарияланатынын мәлімдеді. Лаңкестік топтар Алеппода жеңілген соң бір-бірін сатқындық жасады деп айыптады. Сол себепті лаңкестердің қайшылықтарының жаңа кезеңі басталды.
Өткен апталарда лаңкестер Алеппода көптеген шығын көрген кезде олардың қолдаушылары әртүрлі отырыстар өткізіп, Сирия армиясы мен оның одақтастарының Алеппоның шығысындағы әрекеттерін тоқтатқылары келді. Бірақ олардың бұл әрекеттері лаңкестердің сәтсіздікке ұшырауының алдын ала алмады. Сөйтіп олар лаңкестердің ауыр соққы алып, Алепподағы сәтсіздікке ұшырауының куәсі болды.
Мұндай жағдай мен Сирия армиясының жетістіктері сириялық, аймақтық және халықаралық саяси топтардың реакцияларымен кезікті. Дамаск пен Хомстағы сәтсіздіктерінен кейін Алеппо лаңкестердің ең соңғы үміті болды. Бұл қаланың толық босатылуымен Сириядағы соғыстың үдерісі өзгереді.
Сирия армиясының лаңкестерге қарсы соғысының соңғы айларындағы жеңісі саналатын лаңкестердің Алепподағы жеңілістерінен кейін Сирияның әртүрлі аймақтарындағы олардың басқа сәтсіздіктерінің жаңа кезеңі басталады. Осыған орай лаңкестердің Алепподағы жеңілісін олардың Сириядағы өмірінің соңы деп айтуға болады.
Алеппоның азат етілуі батыстықтар мен сионистердің және кейбір араб үкіметтері мен Түркияның жобаларының нәтижеге жетпеуінің белгісі.
Израиль Батыспен бірге әрқашан аймақта өзінің қастық саясаттарын жүргізуді көздеуде. Бұл салада сионистік режимнің соғыс министрі Авигдор Либерман осыдан біраз уақыт бұрын: «Ирак пен Сирияны бөлу – аймақтағы дағдарыстарды шешетін кілт»,- деді. Бұл мәселе Израильдің Таяу Шығыстағы мақсаттарын әшкерелейді. Сирияға қарсы қастықты Таяу Шығыс аймағындағы бөгделердің араласуына, соның ішінде Батыстың аймақ мемлекеттерін бөлу жобаларына сай бағалаған жөн.
Алеппо маңызды қалалардың бірі болғандықтан бұл елге қарсы бүлік тудырушылар үшін ерекше маңызды болды. Бөгделердің Алеппоны толық басып алып, оны Сириядан бөлінген жерлердің астанасына айналдыру жобалары лаңкестердің жұмыс кестесінде қарастырылған болатын. Бірақ Сирия халқы мен армиясының табандылығы аймақтағы билікқұмар алпауыт құдыреттерді нәтижеге жеткізбеді.
Алайда лаңкестердің Алепподан қуылуы басқа да жетістіктерге жол ашып, қарсыласу күштерінің рухын екі есе арттырады. Таяу Шығыс аймағындағы лаңкестердің әлсіреуі аймақтағы жетістіктерге, соның ішінде Ирактың Мосул қаласының, Ливияның әртүрлі аймақтарының лаңкестердің бақылауынан босауына жағдай жасайды. Қорыта айтқанда, Сирия армиясы мен бұл елдің халықтық күштерінің маңызды жеңісі лаңкестікке қарсы күрестің анық бағдарын анықтады.