Жел 15, 2016 14:59 Asia/Almaty
  • ДАИШ Иракта әскери қару-жарақ шығару үшін әрекет етіп жатыр

Лондонда орналасқан Соғыс қаруларын зерттеу институтының жаңа деректері бойынша, ДАИШ лаңкестік тобы Иракта кең көлемде қару-жарақ шығару ісімен айналысып жатыр. Олар қару-жараққа қажетті басты бөлшектер мен шикізатты Түркиядан алады.

Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, Соғыс қаруларын зерттеу институтының атқарушы директоры Джеймс Боуэн сәрсенбі күні: «ДАИШ лаңкестік тобы Түркиядағы жеткізушілермен қарым-қатынасын сақтап, осы елден Иракқа басты бөлшектер мен шикізатты кіргізу арқылы өз мүшелеріне  Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласы мен оның атырабында ондаған мың қару дайындауға жағдай жасады. 

ДАИШ лаңкестік тобы бомба жасаушы мамандарын Мосулдан шығарып, Сирияның солтүстігі мен оңтүстігіндегі аймақтарға жеткізді.

ДАИШ лаңкестері бомба жасауға қажетті шикізатты қамтамасыз ету тұрғысынан Түркияға қатты тәуелді, сондықтан Ирактағы жағдайға байланысты қажетті шикізатты сырттан алу керектігін түсінеді»,-деді.

 

Тегтер