Сирия үкіметі химиялық қаруларды таратпау ұйымына құжат ұсынды
(last modified Mon, 19 Dec 2016 02:16:21 GMT )
Жел 19, 2016 08:16 Asia/Almaty
  • Сирия үкіметі химиялық қаруларды таратпау ұйымына құжат ұсынды

Сирия үкіметі осы елдің солтүстігіндегі Халеб қаласында лаңкестердің әскери емес бейбіт адамдарға қарсы химиялық шабуыл жасағанын көрсететін құжаттарды химиялық қаруларды таратуға тыйым салу ұйымына ұсынды.

Сирия үкіметінің ақпарат хатшысы әрі химиялық қарулар конвенциясын жүзеге асыруды қадағалау бойынша жауапты қайраткері Самер Аббас: «Осы айғақ-деректер Сирия астанасы Дамасктегі химиялық қаруларды таратуға тыйым салу ұйымының техникалық хатшылығының мамандарынан құралған делегацияға жөнелтілді» деді.

 

 

Тегтер