"Әл- Ақса" мешітінде 97 адам ислам дінін қабылдаған
Қаң 04, 2017 22:47 Asia/Almaty
Палестина үлемдері мен уағызшыларының төрағасы өткен екі жылда "әл- Ақса" мешітінде 97 адамның ислам дінін қабылдағанын мәлімдеді.
Палестина үлемдері мен уағызшыларының төрағасы әрі "әл- Ақса" мешітінің құтпагері шейх Акраме Сабри өз мәлімдемесінде: "Әл- Ақса" мешітінде ислам дінін қабылдаған кісілердің көбісі Америка, Франция, Германия, Ұлыбритания және Финлияндия елдерінен болды. Ислам діні әділет пен тіл табысу діні болып табылады. Аспандық басқа діндердің барлығының миссиясы исламда бар. Мұсылмандар өткен пайғамбарлардың барлығын мойындап, оларға иман келтіреді» деді.