Нау 07, 2016 00:59 Asia/Almaty
  • Дивизия басшысы Фирузабади: Ливан Хезболласы - исламның абыройы

Иран қарулы күштері бас штабының басшысы Ливан Хезболласын лаңкестік деп атауды стратегиялық қателік және ислам үмбетінің мүддесіне қайшы деп атады.

Иран қарулы күштері бас штабының басшысы дивизия басшысы сейіт Хасан Фирузабади Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесінің Ливан Хезболласын лаңкестік топ деп атауына көрсеткен реакциясында: «Ливан Хезболласы – исламның абыройы және мұсылмандардың ұлылығының ұйытқысы болып табылады.

Сионистерді Ливанның оңтүстігінен шығару және осы аймақты сионистерден аластату, сондай-ақ сионистік режимге қарсы қорғаныстық қалқан құру Хезболланың жігерімен Ливан халқына берілген сый болып табылады» деді.

Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесі өткен сәрсенбі, 2-ші наурыз күні Ливан Хезболласын лаңкестік топтардың тізіміне енгізді.

Тегтер