Түркия Халықтық қорғаныс бөлімшелері (YPG) өкілдерінің Астанадағы келіссөзге қатысуына қарсылық танытты
(last modified Wed, 18 Jan 2017 15:37:15 GMT )
Қаң 18, 2017 21:37 Asia/Almaty
  • Түркия Халықтық қорғаныс  бөлімшелері (YPG) өкілдерінің Астанадағы келіссөзге қатысуына қарсылық танытты

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу: «Қазақстан Астана отырысын өткізуші ретінде барлық тараптарға шақыру жібереді, бірақ кімдердің шақырылатындығы туралы бір-бірімізбен кеңесетін боламыз.

Қазірге дейін Ресей, Түркия, Иран, БҰҰ және Американың қатысатындығы анық. Анкара Халықтық қорғаныс  бөлімшелерін лаңкестік топ санайды. Ресейдегі достарымыз біздің бұл мәселеге қатысты шамшылдығымызды жақсы біледі. Сондықтан Халықтық қорғаныс  бөлімшелерінің (YPG) қатысуын қуаттамайды» деді.