Қаң 25, 2017 22:37 Asia/Almaty
  • ДАИШ-тың ұшқышсыз ұшағы Мосулдың батысына құлады

Ирактың халықтық ерікті күштері Ирактың солтүстігінде орналасққан Мосулдың батысындағы "Хаджаф" аймағында ДАИШ лаңкестік тобына тиесілі ұшқышсыз ұшақты атып түсірді.

Сонымен орайлас Ирактың батысындағы әл-Анбар облысында ДАИШ тобының 20 лаңкес мүшесі осы елдің полициясымен шайқаста өлді. БҰҰ да Мосул қаласының батысындағы тұрғындарға ДАИШ тарапынан шынайы қауіп төніп тұр деп ескертті. Ирак армиясының осы қаланың батысында амалдарының басталуымен аймақтағы кемінде 750 000 әскери емес азаматқа қауіп төніп тұр.

 

 

Тегтер