Нау 02, 2017 01:36 Asia/Almaty
  • Мосулдегі ең ірі әскери база ДАИШ-тің басқыншылығынан азат етілді

Ирак армиясы ЛАИШ лаңкестік тобының балалар мен жасөспірімдерді үйрету үшін пайдаланатын ең ірі әскери база "Тадмор" лагерін өз қарамағына өткізді.

"Рудаво" арнасының сәрсенбі күнгі мәлімдеуі бойынша, Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының Мосул әуежайының маңында орналасқан осы лагерден түрлі қару мен әскери жабдықтар табылған. Үйрету лагері туннель түрінде және жердің 6 метр тереңдігінде орналасқан.

Бүгін сәрсенбі таңертең Ирак армиясының күштері алғаш рет солтүстік-батыс жақтан Мосул қаласына қарай алға жылжып, лаңкестердің Нейнава облысының батысы мен Сирия шекарасына қарай қашатын соңғы жолын бөгеп тастады.

Мосулдің оңтүстік жағында да Ирактың федералды полициясы ДАИШ тобының қарсыласуын жеңіп, "Вади Хаджар" аймағына кірді.

 

 

Тегтер