Нау 05, 2017 16:32 Asia/Almaty
  • Мосулда ДАИШ-тың 100 тонналық химиялық заттары табылды

Ирактың халықтық күштері ал-Хашд аш-Шааби сенбі күні Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының орталығы Мосулдың шығыс бөлігінен ДАИШ лаңкестік тобына тиесілі шамамен 100 тонналық химиялық заттардан тұратын қойма тапты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша ал-Хашд аш-Шааби сенбі күні: «Осы күштердің Нейнавадағы қауіпсіздік шеңберінің барлау жұмыстары барысында Ирактың халықтық күштері ДАИШ лаңкестік тобының химиялық заттары сақталған қойманы тапты. Бұл заттар әртүрлі химиялық бомбалар жасау үшін қолданылады. ДАИШ-тың Мосулды азат ету амалдары барысында бірінен соң бірі жеңіліп, Иракта толығымен жеңіліске ұшырай бастағанына байланысты бұл топтың химиялық қаруларды пайдалану ықтималдығы артып отыр»,-деп хабарлады.

Ирактың қауіпсіздік көздерінің хабарлауы бойынша,  Түркия химиялық бомбалар жасауда қолданылатын химиялық заттардың көп мөлшерін  Украинадан Сауд Арабиясы мен Катардың қаражатына сатып алып, ДАИШ лаңкестерінің қолына берген.

Тегтер