Түркия Еуропа одағына қоқан-лоққы жасады
Түркия мен Еуропа одағы арасындағы саяси дағдарыстың шиеленісуі салдарынан Анкара босқындар туралы келісімнің күшін жою туралы қоқан-лоққы жасады.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркия 2016 жылдың наурыз айында Еуропа одағымен Еуропаға жіберілген босқындардың санын азайту туралы меморандумға қол қойған болатын.
Түркия мен Еуропа елдерінің арасында қол қойылған меморандумға сәйкес, Түркия Еуропаға келген босқындарды қабылдауға, ал Еуропа одағы Түркияға қаржылай көмек беру мен басқа да артықшылықтарды, соның ішінде азаматтарына виза режимін жоюға келіскен болатын.
Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу сәсенбі күні кешке Түркияның бұл келісімді біржақты түрде жоя алатындығына сілтеме жасап: "Барлығы Анкараның қолында",- деді.
Түркия жайлы келесі бір мәліметке сәйкес, Стамбұл қаласының кеңесі екі ел арасында пайда болған қайшылықтарға байланысты сәрсенбі күні Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның сұрауымен Стамбұл мен Голландияның Роттердамды туыстас қалалар деп атау туралы хаттаманың күшін жойды.
Реджеп Тайып Ердоған сәрсенбі күні: "Түркияның ресми өкілдерін құрметтемейтін халық пен мемлекетпен туыс болу бізге лайық емес",- деген болатын.