Иран мен Мысырдың Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты
Иран Сыртқы істер министрі өзінің мысырлық әріптесі Самех Шокримен телефон арқылы сұхбатта осы елдегі жуырдағы лаңкестік оқиғаларды айыптаумен қоса, Мысыр үкіметі мен халқының қайғысына ортақтастық білдірді.
Мұхаммад Джавад Зариф телефон арқылы сұхбатта лаңкестікпен күресудің қажеттігін қуаттады.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми де жексенбі күні түстен кейін Мысырдың шіркеулерінде лаңкестік жарылыстарды ұйымдастырушылардың әрекетін айыптап, осы елдің үкіметі мен халқына және осы қылмыс құрбандарының отбасыларына көңіл айтып: «Осындай қылмыстық шаралар діни бүлік шығару және аспандық ірі діндерді ұстанушылардың арасында үрей-қорқыныш пен алауыздық тудыру шеңберінде жоспарланып, іске асырылуда» деді.
Жексенбі күні Мысырдың Каир және Александрия облыстарында болған үш жарылыстан 46 адам қаза болып, 100 астам кісі жараланды.
Бұл терактердің жауапкершілігін ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алып отыр.