Сирияның кейбір аймақтарында атыс тоқтатылады
Астана отырысына қатысып отырған Сирия істері жөніндегі Ресей өкілі Сирия дағдарысын шешу үшін Иран, Ресей және Түркияның келісімімен сенбіден бастап, Сирияның төрт аймағында атыстың тоқтатылатыны туралы хабарлады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев Астана отырысында Сирияда қақтығыстар тоқтатылатын аймақтар құру туралы меморандумға қол қойылған соң: «Иран, Ресей және Түркияның келісімімен Сирияның төрт аймағындағы атысты тоқтату үшін барлық тараптар бұл аймақтардағы бұрын жоспарланған әскери әрекеттерін тоқтатады. Бұл жолы әскери әрекеттер алты айға тоқтатылып, кейін олардың уақыты созылады. Сирияның төрт аймағындағы қақтығыстарды тоқтату наразы қарулы топтар мен лаңкестердің әрекеттеріне қатысты»,- деді.
Лаврентьев атыс тоқтатылатын аймақтарды нақты атамай: «Ресей атысты тоқтату меморандумының іске асырылуын бақылау үшін бақылаушыларын жіберуге дайын. Егер басқа мемлекеттер бақылаушыларын Сирияғы аттандырғысы келсе, Ресей, Иран және Түркиямен келісуі керек»,- деді.
Сирия мәселесіне қатысты төртінші халықаралық отырыс Астана отырысына қатысушы мемлекеттер өкілдерінің қақтығыстар тоқтатылатын аймақтар құру меморандумына қол қою арқылы өз жұмысын аяқтады.