Maм 13, 2017 16:41 Asia/Almaty
  • Асад Астана келіссөздеріне басымдық беруінің себебін жария етті

Сирия президенті Башар Асад Беларусь республикасының ONT арнасына берген сұхбатында Женева келіссөздерін сынға алып: "Бұл келіссөздер көбінесе жарнамалық және ақпарат құралдары үшін ғана жасалған шара болды. Біз ешбір жетістікке қол жеткізбедік",-деді. Алайда Башар Асад Астана келіссөздерін нәтижелі әрі тиімді шара деп бағалады.

Маңызды сауал мынадай: Неліктен Башар Асад Астана және Женева келіссөздеріне қатысты әртүрлі көзқарас ұстанады?

Женева келіссөздері бүгінге дейін Сирия дағдарысын шешу мақсатында ешбір жетістікке қол жеткізбеді. Женева-5 келіссөздеріне қатысушы ойыншылардың Астанадағы үш кезеңдік келіссөздердің жетістіктерін пайдаланып, Сирия дағдарысын шешу үшін шешім қабылдайтын кезде АҚШ-тың әш-Шайрат әуе базасына әскери шабуылы Женева келіссөздерінде Астана келіссөздерінің жетістіктерін оңтайлы түрде пайдалануға тосқауыл болды. Бұл Астана келіссөздерінің төрт кезеңінің жетістіктері Сирияның түрлі аймақтарында атысты тоқтатып, оны бекітуге, Сирияда "шиеленіс азайған" төрт аймақ құру және лаңкестердің құрығына түскендерге көмек көрсету үшін қажет негіздерді әзірлеуге себеп болған жағдайда орын алып отыр.

Сол себепті Сирия президенті Башар Асад былай деді: "Астана келіссөздерінің басқа келіссөздерден айырмашылығы бар. Себебі, бұл келіссөздер қарулы адамдардың қатысуымен, Ресейдің бақылауымен өтті. Келіссөздер барысында атысты тоқтату бітімін орнатуға талпыныс жасауға байланысты оң нәтижелерге қол жеткіздік. Бұл келіссөздердің нәтижелерінің бірі ретінде "шиеленіс азайған" аймақтар құру туралы келісімді атауға болады. "Шиеленіс азайған" аймақтар құру туралы келісімнің негізгі мақсаты – ең алдымен әскери емес бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап, қантөгісті тоқтату ",- деп мәлімдеді.

 

Сирия президенті - Башар Асад

Женева келіссөздерімен салыстырғанда, Астана келіссөздерінің сындарлығына қатысты маңызды жайт мынада: Женева келіссөздеріне қатысушылар ДАИШ, "Ан-Носрат" майданы лаңкестік топтары мен оларға қарасты топтарды бір-бірінен ажыратып, сол топтармен күресу мүмкіндігіне қол жеткізді.

Осы мәселеге байланысты Таяу Шығыс мәселелері бойынша маман Сейіт Һади сейіт Афқаһи былай дейді:

Сейіт Һади сейіт Афқаһи:

Сейіт Һади сейіт Афқаһи:

"Астана келіссөздері кезінде ДАИШ және "Ән-Носрат" майданына қарасты топтарға қысым жасалды. Тіпті отырыстарда сол топтармен күресу жолдары да талқыланған еді. Сондықтан, егер Астана-4 келіссөздері кезінде "шиеленіс азайған" аймақтарды құру туралы құжатқа қол қою назарға алынған мақсаттарға сәйкес алға жылжып, қақтығыстар азая түсетін болса, еш күмәнсіз жоғарыда аталған аймақтарды "қауіпсіз аймақтар" деп бекітуге болады",- деді.

Сол себепті, Башар Асадтың Астана келіссөздерінің Сирия дағдарысын шешуге байланысты жетістікке қол жеткізіп, Женева келіссөздері тек жарнамалық мақсатта болды деген уәждері шындыққа негізделген әрі Ресейдің аймақтық өзгерістерді дұрыс танып, бағалауы негізінде айтылған сөздер.

 

Тегтер