Трамп Риядтағы араб-америкалық отырыста Иранға қарсы уәж айтты
АҚШ президенті Риядта өткен отырыста Иран Ислам Республикасын аймақтағы түйткілдердің бір бөлігі деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні кешке бірқатар араб және мұсылман елдерімен Сауд Арабиясының астанасы Рияд қаласында өткен бірлескен отырыста Иранды лаңкестікке қолдау жасайды деген уәж айтып: "Иран аймақтағы көптеген тұрақсыздықтарға жауапты және оны оқшаулау керек",- деп баса айтты.
АҚШ президентінің Иранға қарсы уәждері АҚШ, Сауд Арабиясы мен сионистік режим саясаттары аймақтағы қауіпсіздікті бұзып, олардың әрекеттері аймақтағы лаңкестік, халыққа зорлық-зомбылық көрсету мен оларды өлтірудің кең етек жаюына соқтырған жағдайда айтылып отыр.
Сонымен қатар АҚШ президенті әсірешілдерді жеңіліске ұшыратып, аймақ жастарының тыныштыққа қол жеткізіп, дамуына қажет жағдай жасап, ортақ мүдделер мен ынтымақтастық негізіндегі серіктестік үшін Сауд Арабиясына сапармен келгенін айтты.
Сондай-ақ АҚШ президенті аймақтағы кейбір араб мемлекеттері, әсіресе Сауд Арабиясының лаңкестік топтарға қаржы тұрғысынан қолдау көрсетуіне назар аудармастан, Сириядағы лаңкестікпен күресте алдыңғы шепте орналасқан ливандық "Хезболла" партиясын ДАИШ және Әл-Каида лаңкестік топтарына жақтас деп атады.