Maм 22, 2017 21:35 Asia/Almaty
  • ДАИШ химиялық қаруларын адамдарға сынауда

Жақында анықталған құпия құжаттардан ДАИШ лаңкестік тобының химиялық шабуылдардан бұрын оның материалдарын адамдарға сынайтыны белгілі болды.

Осы құжаттардың бір бөлігі Мосул университетінде жасырын сақталған. Оны қаланы азат еткен соң ирактық әскерилер тауып алған. Табылған құжатқа сәйкес, ДАИШ мүшелері бір адамды сульфат таллиды жеуге мәжбүрлеген. Дәріні жеген адамның ыстығы қатты көтеріліп, жүрегі айнып, миы қабынып, он күннен кейін ауыр халде жан тапсырған. 

 

Тегтер