Доха Катарға қарсы санкция салушы төрт араб елінің талаптарына жауап берді
(last modified Tue, 04 Jul 2017 18:33:08 GMT )
Шіл 05, 2017 00:33 Asia/Almaty
  • Доха Катарға қарсы санкция салушы төрт араб елінің талаптарына жауап берді

Катар өзіне санкция салған Сауд әулеті бастаған төрт араб елінің он үш талабына теріс жауап берді.

Катардың Сыртқы істер министрі Мұхаммад бен Абдуррахман Ал-е Тани дүйсенбі күні Кувейт әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер әс-Сабахпен кездесуінде Арабстан, Бахрейн, БАӘ мен Мысырдың талаптарына жауап ретінде Катар әмірі шейх Тамим Хамад Ал-е Танидің хатын ұсынды.

ИРНА-ның сейсенбі күні Кувейттің ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Доханың араағайындық жасап жүрген Кувейт еліне берген жауабы сәрсенбі күні Каирде Катарға санкция салушы төрт елдің Сыртқы істер министрлері тарапынан қарастырылатын болады. Осы уақытқа дейін бұл хаттың мазмұны жарияланған жоқ. Алайда Катар төрт елдің он үш шартын қабылдамаған көрінеді.

Вашингтондағы дипломатиялық көздер саудиялық трансаймақтық "әл-Хайат" газетіне берген сұхбаттарында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон келіссөздерді бастап, дағдарысты шешу үшін Дохаға дипломатиялық тұрғыдан қысым көрсетіп жатқанын қуаттады.