Иранның Барлау министрлігі ДАИШ-тың 27 мүшесін құрықтады
Иранның Барлау министрлігі ДАИШ лаңкестік тобына қарасты 27 адамның құрықталғанын хабарлады.
Иранның Барлау министрлігі дүйсенбі күні:" Иранның қауіпсіздік күштері Иранның діни қалалары мен ішкі облыстарда лаңкестік əрекеттер жасауды көздеген ДАИШ-ке қарасты бір лаңкестік топты оперативтік амалдар барысында еш мақсаттарына жеткізбей, Бұл лаңкестік топтан соғыс құрал-жабдықтары мен қару-жарақтар анықталып, тəркіленді. Лаңкестер қару-жарақтарды тұрмыс заттарының арасына жасырып, Иранға кіргізбек болған. Осы топтың шекара сыртындағы басқару орталығының 10 адамы мен Иран жеріндегі 17 адам құрықталды.
Құрықталғандардың бесеуі Иранның ішінде лаңкестік əрекеттер жасауды көздеген. Қалған лаңкестер қолдау көрсетіп, дайындық жұмыстарын атқаратын болған"-,деді.