Арабстанда адам құқығы үздіксіз бұзылуда
(last modified Wed, 09 Aug 2017 14:59:31 GMT )
Там 09, 2017 20:59 Asia/Almaty
  • Арабстанда адам құқығы үздіксіз бұзылуда

Арабстанда адам құқығын бұзудың жалғасында Сауд әулеті елдің бір шиіт дінбасшысын 13 жылға соттады.

Сауд әулетінің Сот органы саудиялық шиіт дінбасы шейх Хосейн Разиді Сауд әулетінің саясаттары мен аятолла шейх Нимр Бағер әл-Нимрды өлім жазасына кескенін сынағаны үшін 13 жылға бас бостандығынан айырды.

Шейх Нимр Бағер ән-Нимр Сауд Арабиясының шығысында шиіттер қоныстанған Қатифте 2011 жылдың ақпан айында орын алған ауқымды наразылықтардан кейін 2012 жылдың шілде айында қамауға алынды.

2015 жылы 15 қазанда Сауд әулетінің қылмыстық соты шейх Нимрға «ұлттық қауіпсіздікке қарсы бүлдіргі әрекеттер жасады» деген жалған айыппен «халық алдында қылышпен басын шабу және крестке керу»  үкімі шығарылды.

Шейх Нимрдың басын шабу мемлекеттік лаңкестік және қорқынышты қылмыс ретінде аймақтық елдер мен халықаралық тәуелсіз ұйымдардың теріс реакциясына ұшырады.

 

Тегтер