Иорданиялықтар басып алынған Палестинадан ауылшаруашылық өнімдерін импорттауға наразылық танытты
Там 19, 2017 21:51 Asia/Almaty
Иордания халқы басып алынған Палестинадан (Израильден) ауылшаруашылық өнімдерін импорттауға наразылық танытты.
Ауыл шарушылығы саласының көптеген тұтынушылары мен белсенділері елдің үкіметінен Израиль тауарларына тыйым салып, бұл елдің ауылшаруашылық өнімдерін Иорданияға импорттауға тосқауыл қоюды сұрады.
Сондай-ақ, Иордания халқы тауарларды басқа аймақтан әкеле жатқандай көрсету үшін Иордания базарына жеткізбей тұрып израильдік тауарлардың заттаңбаларын алу мен өзгертуге наразылық білдіруде.