Басып алынған Палестинадағы бесінші шәһәдат талап ету операциясы
(last modified Fri, 08 Apr 2022 14:38:55 GMT )
Сәу 08, 2022 20:38 Asia/Almaty

Палестиналықтардың басып алынған жерлердегі бесінші шәһидтік операциясында екі сионист қаза тауып, 16-сы жараланды.

 

Палестиналықтардың 20 күннен аз уақыттағы бесінші шәһидтік операциясы 7 сәуір, бейсенбі күні кешке өтті. Біріншіден, бұл операциялар сионистік қоныстанушылар мен сионистік әскерилердің зорлық-зомбылықтарының күшеюіне жауап болып табылады. Бұл туралы Middle East Monitor аналитикалық сайты: «Хамас, Исламдық жиһад және басқа да қарсыласу топтары Жақын арада басып алынған аумақтар ішіндегі шабуылдардың негізгі себебін Израильдің басып алынған Палестина жерлерінде, Иордан өзенінің батыс жағалауы және Газа секторындағы палестиналықтарға басқыншылығының жалғасуы деп тапты. Олар күн сайын Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестина жерінің тәркіленуі, Израиль қоныстанушыларының Палестина халқына қарсы зорлық-зомбылығының күшеюі, әл-Ақса мешітін күнделікті қорлау, Израильдің палестиналықтарға қарсы нәсілшілдік көрсетуі және бұл режимнің Газаны қоршауды  жалғастыруына тоқталды. Екіншіден,   кеше түнгі операция сионистік режимге қауіпсіздік  енуін және оның қауіпсіздік органдарының сәтсіздігін тағы бір рет дәлелдеді. Тель-Авив маңындағы басып алынған аумақтарда 20 күннен аз уақыт ішінде бесінші рет шәһид операциясы жасалды. Бұл барлау және қауіпсіздік саласындағы сәтсіздік сионистік режимнің кеше түнгі реакциясымен одан сайын айқын көрінді. Ақпарат құралдардың хабарлауынша, кешегі операциядан бері Тель-Авивке 1000-нан астам әскер орналастырылды.    Сионистік режим қоныстанушыларды қорғау және басып алынған аумақтарда тұратын палестиналықтарға шабуыл жасау үшін сионистік қоныстанушылардан тұратын «Харел» жасақтарын құрғанымен, қауіпсіздігі сәтсіздікке ұшырады.  Келесі мәселе, шәһидтік операциялардың жалғасуы бір жағынан сионистік режимнің палестиналықтарды тізе бүктіруге бағытталған саясаттарының сәтсіздігін көрсетеді. Басқа жағынан, бұл палестиналықтардың қарсыласуға деген сенімін және шетелдіктерге сенімсіздігін білдіреді. Палестина Исламдық жиһад қозғалысы саяси бюросының мүшесі Юсеф әл-Хусайна: «Шәһидтік операциялар сионистік режимнің жетпіс жыл бойы біздің ұлтты тізе бүктіруге және оның болмысын жоюға бағытталған саясаттарының сәтсіздікке ұшырағанын атап көрсетеді»,- деді.

 

Тегтер