Мысыр үкіметі Алжирдің гуманитарлық көмек керуенінің Газа секторына кіруіне тосқауыл жасады
(last modified Sun, 20 Aug 2017 02:21:18 GMT )
Там 20, 2017 08:21 Asia/Almaty
  • Мысыр үкіметі Алжирдің гуманитарлық көмек керуенінің Газа секторына кіруіне тосқауыл жасады

Мысыр басшылары Рафах өткелін жауып, Алжирдің қоршаудағы Газа секторының халқына арнаған гуманитарлық көмек керуенінің кіруіне кедергі жасады.

Мысыр мен Газа секторының шекарасындағы Рафах өткелі – Газа халқының сыртқы әлеммен байланысқа шығатын жалғыз жолы. Бұл өткел сионистік режимнің саясаттары шеңберінде палестиналықтарға қысым көрсету мақсатында көп уақытта жабық болады.

Сионистік режим 2006 жылы Палестинадағы парламенттік сайлауда ХАМАС жеңіске жеткеннен кейін Газа секторын қоршауға алып, бұл аймаққа негізгі тауарлардың кіруіне тосқауыл жасап келеді.

 

 

Тегтер