Ирактың Премьер-министрі ресми түрде Талль-Афар қаласының азат етілгенін жариялады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i30411-Ирактың_Премьер_министрі_ресми_түрде_Талль_Афар_қаласының_азат_етілгенін_жариялады
Ирак Премьер-министрі Хейдар Абади Талль-Афар қаласын қайтарып, Нейнава облысының ДАИШ лаңкестерінен толық азат етілгенін жариялады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 01, 2017 13:08 Asia/Almaty
  • Ирактың Премьер-министрі ресми түрде Талль-Афар қаласының азат етілгенін жариялады

Ирак Премьер-министрі Хейдар Абади Талль-Афар қаласын қайтарып, Нейнава облысының ДАИШ лаңкестерінен толық азат етілгенін жариялады.

                                                                         

Талль-Афар қаласын ДАИШ лаңкестерінің қолынан азат ету амалдары тамыздың жиырмасы күні басталып, ДАИШ-тың қолына түскен Нейнава облысын толық азат етумен аяқталды. Жылдар бойы ДАИШ-тың бақылауында болған Нейнава облысының орталығы әрі Ирактың екінші үлкен қаласы Мосулды  толық азат ету бұл елдің армиясы үшін ерекше маңызды.