Мохсен Резаи: АҚШ Ирак пен Сирияда тынышсыздықтың жалғасуын көздеп отыр
ИИР-ның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы АҚШ-тың аймақтағы лаңкестік топтарды, әсіресе ДАИШ-ты қолдау арқылы Ирак пен Сирияда тынышсыздықты жалғастыруды көздеп отырғанын айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Мохсен Резаи жексенбі күні Бағдадта өткізген баспасөз конференциясында АҚШ-тың аймақтағы саясаты туралы: "Америкалықтар Ирак пен Сирияда қауіпсіздіктің толығымен орнағанын қаламайды. Сондықтан, осы екі елде берік қауіпсіздіктің орнауына септігін тигізетін кез келген іс-шараға қарсы шығады.
Америкалықтар ДАИШ-тың аймақта біржолата жойылуын қаламайды. АҚШ-тың аймақтағы, соның ішінде Ирактағы саясаты жеңіліс тапты",- деді.
Мохсен Резаи сионистік режим мен америкалықтардың арабтар мен ИИР арасында дұшпандық тудыру және шиіттер мен сүниттер арасында соғыс отын тұтату саясатының жеңіліс тапқанын ескертіп, Теһранның осындай қастандықтардың барлығын залалсыздандырғанын айтып, ислам әлемінің басты жауын сионистік режим деп атады.