АҚШ-тың жан-жақты қолдауымен Халифе әулетінің қылмыстары жалғасуда
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i30615-АҚШ_тың_жан_жақты_қолдауымен_Халифе_әулетінің_қылмыстары_жалғасуда
АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Пентагон: «АҚШ Халифе әулетінің режиміне F-16 қырғи ұшақтары мен патрульдік қайықтардан тұратын құны шамамен 4 млрд долларды құрайтын әскери құралдарды сатуға келісті»,-деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 10, 2017 10:39 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың жан-жақты қолдауымен Халифе әулетінің қылмыстары жалғасуда

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Пентагон: «АҚШ Халифе әулетінің режиміне F-16 қырғи ұшақтары мен патрульдік қайықтардан тұратын құны шамамен 4 млрд долларды құрайтын әскери құралдарды сатуға келісті»,-деп мәлімдеді.

АҚШ пен Бахрейн арасында ірі көлемде әскери келісімдерге қол қоюдың жалғасуы  адам құқығын қорғаушы топтардың осыдан бұрын АҚШ пен Батыстың басқа елдерінің Бахрейн  халқының құқығын бұзып отырған  Халифе әулеті режиміне қару-жарақ сатуды жалғастыруына алаңдаушылық білдірген жағдайда орын алып отыр.

Бахрейн 2011 жылдың ақпан айының он төртінен бері Халифе әулеті режиміне қарсы халықтық көтерілістің куәсі болып отыр. Бахрейн халқы азаттық пен әділет орнап, кемсітушілік жойылып, елде сайланатын жүйенің құрылуын талап етіп отыр. Алайда, Халифе әулетінің режимі АҚШ-тың қолдауымен және Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің «Арал қалқаны» күштері қалыбында  Бахрейнде  орналасқан әскери-қауіпсіздік күштерінің көмегінің арқасында осы елдегі халықтық наразылықтарды басып-жаншуда. Ішкі заңдылықтың азаюы мен үкімет пен халық арасында түбегейлі алшақтықтың пайда болуы Халифе әулетінің әрдайым саяси режимнің қауіпсіздігін сақтау үшін реакцияшыл аймақтық және трансаймақтық ойыншыларға, әсіресе Сауд Арабиясы мен Батыс елдеріне, соның ішінде АҚШ-қа арқа сүйеуіне себеп болып отыр.

Бейруттегі бахрейндік журналист Хосейн Юсеф: «Халифе әулеті режимі АҚШ-тың рұқсатымен, әсіресе АҚШ саяси-экономикалық және әскери көмектер қалыбында осы режимді жан-жақты қолдайтынын жариялағаннан кейін Бахрейн халқына қарсы қылмыстарын күшейте түсті»,-деп қуаттады.

Осындай жағдайда демократияны қорғаймыз деп уәж айтатын Батыс елдерінің үкіметтері де өз мүдделері аясында Парсы шығанағы маңындағы араб елдеріне үстемдіктерін сақтап қалу үшін адам құқығының кең түрде бұзылуын сынаудың орнына араб билеушілерін, соның ішінде Бахрейндегі Халифе әулеті режимін саяси, әскери және дипломатиялық қолдауларын жалғастыруда. Осы аяда АҚШ-тың аймақта, соның ішінде Бахрейнде әскери базаларының болуы Халифе әулеті қылмыстарының Батыс ақпарат құралдары мен халықаралық қауымдастықта таралуына тосқауыл болып отыр.

АҚШ пен Бахрейн 1971 жылы ортақ әскери келісімге қол қойды. Сол бойынша,3, Бахрейнде 40 шаршы шақырым ауданды алып жатқан жер АҚШ-тың қарамағына берілді. 1993 жылдан бері АҚШ армиясы Теңіз күштерінің аймақтық бөлімшесі Бахрейнде орналасты. Осылайша 1995 жылы Бахрейн ресми түрде АҚШ-тың бесінші теңіз флотын қабылдайтын болды.  Манама үкіметінің өткен жиырма жылдағы АҚШ-пен келісімдері АҚШ-тың Бахрейнді аймақ істеріне араласуға арналған әскери плацдарм ретінде пайдаланғанын анық көрсетіп отыр.

Мұнымен қоса, Бахрейндегі халықтық көтеріліс те Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың Халифе әулеті режимін саяси және әскери қолдауы салдарынан  қанға бөкті.

Ливанжа шығатын «әл-Ахбар» газеті: «Халифе әулеті режимінің өз халқын басып-жаншуға бағытталған әрекеттері тек АҚШ-тың рұқсатымен орын алып отыр. Халифе әулеті режимі мен АҚШ-тың тығыз байланысы мен миллиардтаған долларлық қару-жарақ келісімдеріне қол қоюы олардың өз халқына қарсы қылмыстарын күшейте түсуіне себеп болды»,-деп қуаттады.

Бахрейндегі өзгерістер Халифе әулетінің деспоттық сипаттағы режим екенін және бұл режимнің Бахрейнде адам құқығын бұзуды, этностық кемсітушілік жасауды АҚШ пен Сауд Арабиясының қолдауымен жалғастырып жатқанын көрсетеді.