Қаз 02, 2017 20:51 Asia/Almaty
  • Ердоған: Ирактың Күрдістан аймағының бөліну туралы референдумы – Түркияға қарсы жаңа бүлік

Түркия президенті Ирактың Күрдістан аймағының бөліну туралы референдумын Түркияға қарсы жаңа бүлік пен қатер деп атады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Режеп Тайып Ердоған жексенбі күні Анкарада: "Түркия мұндай жаңа бүліктер мен қауіп-қатерлерге көзжұмбайлық таныта алмайды.

Эрбиль күрдтерін қорғау үшін Мосулдың арабтары мен Киркуктың түркімендерін назардан тыс қалдыруға болмайды. Эрбильдің күрдтерін қорғау жолында арабтар мен түркімендердің құқықтары аяқасты етілмеуі керек.

Анкара Еуроодақтың лаңкестік топтарға жеңіл қарауына алаңдап отыр. Себебі, дәл қазір Еуропа лаңкестер үшін Түркияның заңды үкіметіне қарсы жоспар құратын қауіпсіз мекенге айналған.

Түркия енді Еуропа Одағына қосылуды қажет етпейді. Еуроодақтың өзі егер мәдени-экономикалық серпінді көздейтін болса, Түркияның мүшелігін қолдағаны жөн",- деді.

 

Тегтер