Сирияда аль-Букамаль қаласының азат етілгені ресми түрде жарияланды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i32170-Сирияда_аль_Букамаль_қаласының_азат_етілгені_ресми_түрде_жарияланды
Сирия Қарулы күштерінің бас штабы мәлімдемеде Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зор облысында орналасқан аль-Букамаль қаласының азат етілгенін ресми түрде жариялады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 10, 2017 15:09 Asia/Almaty
  • Сирияда аль-Букамаль қаласының азат етілгені ресми түрде жарияланды

Сирия Қарулы күштерінің бас штабы мәлімдемеде Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зор облысында орналасқан аль-Букамаль қаласының азат етілгенін ресми түрде жариялады.

Сирия  армиясы мен Қарулы күштерінің бас штабы бейсенбі күнгі мәлімдемесінде аль-Букамаль қаласының азат етілуін  стратегиялық жетістік деп атап: «Бұл азат ету әрекеті  аймақтағы ДАИШ жобасының құлағанын, оны демеушілер мен елді бөлуді көздеушілердің бос қиялының жермен-жексен болғанын жариялау болып табылады»,-деді. 

Сирия армиясы бас штабының мәлімдемесінде ДАИШ лаңкестік тобынан қалған мүшелерді қудалаудың жалғасатыны айтылып, оларды толық жою қажеттігі қуатталған.