Ирактағы ДАИШ-тың шаруасы бітті
Ирактың премьер-министрі жұма күні кешке Ирак халқын Ирактың батысында орналасқан әл-Анбар облысындағы Рава қаласының ДАИШ күштерінен азат етілуімен құттықтады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хайдер әл-Абади: "Рава қаласын бірнеше сағат ішінде азат ету Ирак Қарулы күштері қуатының қаншалықты жоғары екенін көрсетті",- деп баса айтты.
Ирактың әскери күштері жұма күні Рава қаласын ДАИШ лаңкестерінің басқыншылығынан бірнеше сағаттың ішінде азат етті.
Ирактың Ішкі істер министрі Ғасем әл-Араджи де Рава қаласы азат етілгеннен кейін: "ДАИШ-тың Ирактағы шаруасы бітті",- деп мәлімдеді.
Рава қаласы ДАИШ-тың Ирактағы ең соңғы базасы болған. Қазір ДАИШ лаңкестерінің қолында Ирактың ешбір маңызды қаласы қалған жоқ. Олар тек шалғай аймақтар мен кейбір ауылды мекендерде жүр.