Джахангири: Иран әрдайым Ирак үкіметі мен халқының жанынан табылады
Иранның вице-президенті: "Иран лаңкестермен күрес басталғаннан бері Ирак үкіметі мен халқының жанында болды. Енді елді қалпына келтіру кезеңдерінде де Ирак үкіметі мен халқының жанынан табылады",- деп мәлімдеді.
Исхақ Джахангири Теһранда өткен Иран мен Ирактың жоғары деңгейлі делегацияларының бірлескен отырысында Ирак үкіметі мен халқын лаңкестік топтармен күрестегі жеңістерімен құттықтап: "Ирак қайраткерлерінің парасатты басқаруы, діни жетекшінің рөлі және Ирак жауынгерлерінің моджаһидтік талпыныстарының арқасында дәл қазір Ирак тәкфиршіл лаңкестікке қарсы күрестегі тарихи жеңістің алдында тұр",- деді.
Иран президентінің бірінші орынбасары Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуді талап етуі мен заңсыз түрде референдум өткізуін үлкен бүлік деп атап: "Бұл жағдай аймақтың басқа елдеріне таралып кетуі мүмкін еді, бірақ бұл мәселе Иракта парасатты жолмен шешілді",- деді.
Ирак премьер-министрі Хейдар әл-Абади де аймақтың бірқатар қиындықтарыне, соның ішінде лаңкестік топтар мен басқа да келіспеушіліктерге сілтеме жасап: "Лаңкестік топтармен күрес аймақтың барлық елдерінің ынтымақтастығы мен үйлесімдігін қажет етеді",- деді.