Зангане Оман мен Ирактың Мұнай министрлерімен кездесті
Иранның Мұнай министрі ОПЕК-тің 173-ші отырысы аясында Ирак пен Оманның Мұнай министрлерімен кездесіп, Оманға мұнай экспорттау және Ирактың солтүстігіндегі Киркук мұнайы туралы келісімге қол қойды.
Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангене кеше, бейсенбі күні мұнай экспорттайтын елдер ұйымы ОПЕК-тің Венада өткен 173-ші отырысының аясында, сондай-ақ, Оман және Ирак елдерімен келісімге қол қойғаннан кейін журналистерге берген сұхбатта Иранның осы келісімдерге қол қоюымен аймақтағы стратегиялық қарым-қатынастарды кеңейткенін айтты. Ол Оманға газ экспорттау келісімі туралы: "Бұл келісім Иран газын Оманға экспорттау жобасын жылдамдатады. 2018-ші жылдың сәуір айында өтетін министрлер отырысынан кейін келісім іске асырыла бастайды",- деді.
Бұрынғы келісімдер бойынша, Иран 2020-шы жылға дейін толық салынатын құбыр арқылы күнделікті Оманға бір миллиард 500 миллион текше фут газ экспорттайтын болады.