Сионист әскерилер алты жастағы палестиналықты қамауға алды
(last modified Sun, 17 Dec 2017 09:57:05 GMT )
Жел 17, 2017 15:57 Asia/Almaty
  • Сионист әскерилер алты жастағы палестиналықты қамауға алды

Сионистік режимнің әскерилері алты жастағы палестиналық бір баланы Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Жалазун қосынында қамауға алды.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионист әскерилер сенбі күні алты жастағы палестиналық Адам Ахмад Мосаверені сионистік режимнің әскерилеріне қарай  тас лақтырды деген айыппен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Жалазун қосынында қамауға алды.

Палестиналық ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша,  сионистік режимнің әскерилері  бұл палестиналық баланы әскери көліктердің біріне отырғызып, қалашық тұрғындарының Бейт-Иль базасына тасымалдады.

Ливан Хезболласының орталық кеңесінің мүшесі шейх Набил Қавуқ: "Басып алынған Палестина жерінде қолдарына тас алған балалардың ісі араб және ислам елдерінің барлық конференциялары мен саммиттерінің жұмыстарынан әлдеқайда әсерлірек",-деп мәлімдеді.

Осыдан бұрын Палестина тұтқындарының зерттеу орталығы қазіргі таңда 300 палестиналық баланың сионистік режимнің түрмелерінде жатқанын хабарлаған болатын. Бұл барлық халықаралық заңдар мен ережелерге қайшы.  

 

Тегтер