Жел 19, 2017 14:22 Asia/Almaty
  • ХАМАС: Құдс – Палестинаның мәңгілік астанасы

Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС АҚШ-тың Құдсқа қатысты Мысыр ұсынған қарарына вето қолданғанына реакция білдіріп: "Бейт әл-Мұқаддас – Палестинаның мәңгілік астанасы",- деп қуаттады.

АҚШ дүйсенбі күні кешке БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 14 мүшесінің Мысырдың Құдс туралы ұсынған қарарына оң дауыс бергеніне қарамастан, қарарға вето қолданды.

ХАМАС дүйсенбі кешке АҚШ-тың бұл әрекетін Вашингтонның халықаралық ұйымң алдындағы билеп-төстеушілік әрекетінің үлгісі деп атады. ХАМАС сондай-ақ, АҚШ-тың дұшпандық әрекетімен қарсыласу үшін бүкіл талпынысын іске жұмылдыратынын қуаттады.

 

 

Тегтер