Жел 27, 2017 18:59 Asia/Almaty
  • Израиль палестиналықтарды Құдстан шығару үшін әрекет жасауда

Дональд Трамптың Құдсқа қарай сионистік режимге жол ашуымен бұл режимнің Кнессеті палестиналықтарды қасиетті қаладан толық шығару заңының жобасын қарастыруды жұмысының күн тәртібіне енгізді.

Аталмыш заң жобасы бойынша, егер заңның "Израильге адал болу" бабының бұзылуы дәлелденсе, бұл режим Құдста тұратын палестиналықтарды бұл жерден шығарып жібере алады. Израильдің палестиналықтардың Құдста тұрақты өмір сүру рұқсаттарын бұзуы халықаралық заңдар мен келісімдерді, әсіресе Гаага конвенциясының 43-ші бабы мен Женеваның 4-ші конвенциясын бұзу саналады. Израильдің бұл әрекетінің негізгі мақсаты Құдсты жергілікті тұрғындарынан, яғни палестиналықтардан босату саналады.

Аймақтың ақпарат белсенділерінің бірі Ахмад Атван осыдан біраз уақыт бұрын сионистік режимнің 2020-шы жылға дейін Құдста тұратын барлық палестиналықты бұл жерден шығарып жіберуді көздеп отырғанын хабарлаған болатын. Бейт әл-Мұқаддас әрқашан сионистік режимнің билеп-төстеу саясаттарының нысанасына алынды. Израиль режимі 1948-ші жылы Бейт әл-Мұқаддастың батысын, 1967-ші жылы шығысын басып алды. Сионистік режим өздеріне қажет қалашықтардың құрылысын жалғастырып, палестиналықтардың үйлерін қиратып, оларды босқынға айналдырып, палестиналық аймақтардағы өздерінің жағдайын нығайтпақ. Палестина халқын үйлері мен туған жерінен қуып, оларды босқынға айналдыру әрқашан израильдік басшылардың күн тәртібінде тұрған болатын. Сол себепті сионистік режим палестиналықтарға құрылыс жүргізуге рұқсат етпей, оларға ауыр салықтар жүктеп, олардың жүріп-тұрысын қиындатып, әртүрлі салаларда, соның ішінде білім алу саласында қысым көрсетуде. Израиль аймақтың қазіргі жағдайын пайдаланып, Құдсты еврейлендіру  жобасын жетілдіруді көздеп отыр.

Нетаньяху кабинетінің 2020-шы жылға дейін Құдсты толық еврейлендіру үшін 15 миллиард доллардан артық қаржы бөлуі бұл режимнің аймақты билеп-төстеу саясаттарының бір бөлігі болып табылады. Сионистік режим кабинетінің шешімі Бейт әл-Мұқаддастың құрылымын өзгертіп, бұл аймақты Палестинадан басып алынған жерлерге қосу мен  сионистік режимнің Бейт әл-Мұқаддастың шығысындағы әскери-қауіпсіздік құзырын арттыруды  қарастырады. Израильдің соңғы жылдардағы Құдсқа қатысты әрекеттері бұрынғыдан  кесімдірек және бұл режимнің Құдсты толық өз бақылауына алу үшін өз мүмкіндіктерін толық пайдаланғысы келетінін көрсетеді. Сионистік режим басшыларының Бейт әл-Мұқаддасты бұл режимнен бөлінбейтін жер деп уәжденуі Құдсқа қарсы саяси қастандықтарды арттыру әрекеттерін бастауы. АҚШ-тың сионистік режимнің Бейт әл-Мұқаддастағы билеп-төстей саясаттарына жол ашуы, әсіресе АҚШ Президенті Дональд Трамптың АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа көшіру және Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми тану шешімі Израиль басшыларының Құдстағы билеп-төстеу саясаттарын одан сайын арттырып, арсыздана түсуіне себеп болды. Билеп-төстеушілік Құдсты басып алған режимнің негіздерінің бірі. Бұл бағдарда ілгерілеу сионистік режимнің барлық партиялары мен топтары белсенділігінің негізі тақырыбы. Қазіргі жағдайдағы саяси қайшылықтар, бәсекелестік және соғысқа қарамастан сионистік режимнің әртүрлі партиялары мен топтарының нәсілшіл саясатты ілгерілету саласындағы дайындықтары мен келісімдер осы мәселені көрсетеді.

 

                                                                                                                                              

 

Тегтер