Мысыр Сирия халқының осы елдің келешегін белгілеудегі рөлін қуаттады
(last modified Mon, 28 Mar 2016 15:26:39 GMT )
Нау 28, 2016 21:26 Asia/Almaty
  • Мысыр Сирия халқының осы елдің келешегін белгілеудегі рөлін қуаттады

Мысыр Сыртқы істер министрі Сирия халқының өз президентінің тағдыры туралы шешім қабылдайтынын қуаттады.

Мысыр Сыртқы істер министрі Самех Шукри Сирия президенті Башар Асадқа қатысты Каирдің ұстанымы туралы: «Мысыр Сирия дағдарысындағы жауласушы тараптармен мәміле жасамайды және олардың біреуіне өзге біреуіне қатысты басымдық бермейді. Бұл туралы шешім қабылдау тек Сирия халқының еркінде» деді.

Самех Шукри сондай- ақ Ливан Хезболласын лаңкестік топ деп атау жөнінде: «Хезболланы халықаралық қоғамдастық емес, кейбір елдер ғана лаңкестік топ деп атады. Осы топ Ливан мен осы елдің халқының арасында ерекше мәртебеге ие» деді.

Ол Каир мен Эр- Рияд арасындағы келіспеушіліктерге сілтеме жасап: «Сауд Арабиясы Мысыр құрлық күшінің Йеменге әскери шабуылға қатыспауының себебін түсінді» деді.

Мысыр Сыртқы істер министрі сондай- ақ Эр- Риядпен саяси келіспеушіліктердің себебін Сирия мен Сирия президенті Башар Асадтың жағдайына қатысты деп атады.

Тегтер