Иран Сириямен дәрі-дәрмек шығару тәжірибесімен бөлісуге дайын
Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының басшысы Иран мен Сирияның денсаулық пен дәрі-дәрмек саласындағы ынтымақтастықтарының артуы қажеттігін қуаттады.
Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының басшысы Ғоламреза Асғари Сирияның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Хабиб Абудпен Теһрандағы кездесуінде: "Сирияның дәрі-дәрмек саласындағы ауыр жағдайына назар аударып, Иран Сириямен екіжақты ынтымақтастық және дәрі-дәрмек шығару тәжірибесімен бөлісуге дайын. Сондай-ақ, Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымы дәрі-дәрмекпен айналысатын компанияларды инвестиция салып, Сирия нарығына кіруге жігерлендіруге дайын",- деді.
Сирияның Денсаулық министрінің орынбасары Хабиб Абуд те кездесуде: "Сирия Иранның дәрі-дәрмек саласындағы ынтымақтастығын қажет етеді. 2018 жылы ынтымақтастықтардың артатындығына үміттенемін",- деді.
Ккездесудің соңында Иран мен Сирияның арасында Сириямен дәрі-дәрмек және білім салаларындағы тәжірибелерімен алмасу туралы меморандумға Сирияның Денсаулық министрінің орынбасары мен Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының басшысы қол қойды.