Иран Сириямен дәрі-дәрмек шығару тәжірибесімен бөлісуге дайын
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i34537-Иран_Сириямен_дәрі_дәрмек_шығару_тәжірибесімен_бөлісуге_дайын
Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының басшысы Иран мен Сирияның денсаулық пен дәрі-дәрмек саласындағы ынтымақтастықтарының артуы қажеттігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 04, 2018 20:10 Asia/Almaty
  • Иран Сириямен дәрі-дәрмек шығару тәжірибесімен бөлісуге дайын

Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының басшысы Иран мен Сирияның денсаулық пен дәрі-дәрмек саласындағы ынтымақтастықтарының артуы қажеттігін қуаттады.

Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының басшысы Ғоламреза Асғари Сирияның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Хабиб Абудпен Теһрандағы кездесуінде: "Сирияның дәрі-дәрмек саласындағы ауыр жағдайына назар аударып, Иран Сириямен екіжақты ынтымақтастық және дәрі-дәрмек шығару тәжірибесімен бөлісуге дайын. Сондай-ақ, Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымы дәрі-дәрмекпен айналысатын компанияларды инвестиция салып, Сирия нарығына кіруге жігерлендіруге дайын",- деді.

Сирияның Денсаулық министрінің орынбасары Хабиб Абуд те кездесуде: "Сирия Иранның дәрі-дәрмек саласындағы ынтымақтастығын қажет етеді. 2018 жылы ынтымақтастықтардың артатындығына үміттенемін",- деді.

Ккездесудің соңында Иран мен Сирияның арасында Сириямен дәрі-дәрмек және білім салаларындағы тәжірибелерімен алмасу туралы меморандумға Сирияның Денсаулық министрінің орынбасары  мен Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының басшысы қол қойды.