Сионистік режимнің абақтыларында 214 палестиналық шәһид болды
Палестиналық тұтқындардың істерімен айналысатын комитеттің ресми мәліметі бойынша, 1967 жылдан осы уақытқа дейін сионистік режимнің абақтыларында 217 палестиналық шәһид болған.
Бүгін, сәуірдің он жетісі – палестиналық тұтқындар күні. Палестинаның азат ету ұйымының қарамағындағы Тұтқындар істері комитеті мен палестиналық тұтқындардың істерімен айналысатын "әл-Асир" базасының ресми мәліметі бойынша, 1967 жылдан осы уақытқа дейін сионистік режимнің абақтыларында азап-қорлық салдарынан 75, медициналық көмектің болмауынан 60, ұрып-соғу мен түрме қараушыларының оғынан 7, құрықтала салысымен өлім жазасының қолдануынан 75 палестиналық тұтқын шәһид болды.
Осы мәлімет бойынша, сионистік режимнің абақтыларындағы тұтқындардың саны 6500 адамға жетеді. Олардың арасында 350 бала, 62 әйел, Палестинаның заң шығаратын кеңесінің 6 мүшесі, 500 кеңселік тұтқын, 1800 науқас және емді қажет ететін 700 тұтқын. Сондай-ақ, сионистік режимнің абақтыларында 20 жылдан астам өмірлерін өткізген 85 тұтқын бар. Карим Юнус пен Махер Юнус – 35 жыл абақтыда отырған палестиналық тұтқындар.