Абдулмалик әл-Хуси: АҚШ – Салех әс-Самадқа жасалған террорға ортақтас
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i36580-Абдулмалик_әл_Хуси_АҚШ_Салех_әс_Самадқа_жасалған_террорға_ортақтас
Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы сенбі күні кешке Йеменнің Жоғары саяси кеңесінің марқұм басшысы Салех Әли әс-Самадтың шәһид болуына орай сөйлеген сөзінде АҚШ-ты Салех әс-Самадқа жасалған террорға ортақтас деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 29, 2018 17:07 Asia/Almaty
  • Абдулмалик әл-Хуси: АҚШ – Салех әс-Самадқа жасалған террорға ортақтас

Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы сенбі күні кешке Йеменнің Жоғары саяси кеңесінің марқұм басшысы Салех Әли әс-Самадтың шәһид болуына орай сөйлеген сөзінде АҚШ-ты Салех әс-Самадқа жасалған террорға ортақтас деп атады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Абдулмалик Бадреддин әл-Хуси: "Сауд Арабиясы мен АҚШ осындай қылмыс жасау арқылы Йеменнің ішкі бірлігін бұзуға үміттенгенімен ешқашан сәттілікке жетпейді",-деді.

Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы ел халқының тұрақтылық пен табандылықты сақтауға шешім қабылдап отырғанын айтты.

Абдулмалик Бадреддин әл-Хуси саудиялық коалицияның Салех әс-Самадтың жаназасын шығару рәсіміне әуеден шабуыл жасағанына тоқталып: "АҚШ пен Израильдің қолдауына ие басқыншылар Йеменде қылмыс жасап жатыр",-деді.

Шәһид Салех әс-Самадтың жаназасы сенбі Йемен халқының кең түрде қатысуымен осы елдің астанасы Санада шығарылды.